Меню

Страницы

Статья

«Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

Қазақстан Республикасы Экономика

 және бюджетті жоспарлау

 министрінің 2013 жылғы

25 маусымдағы №193 бұйрығына

 2 -қосымша

 

 

«Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

            «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 6, тел: 8 (716 42) 2-15-44, 2-11-31, 2-14-76.

 

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес бөліммен 2021 жылы 27 түрі бойынша 680 қызмет  көрсетілді, оның ішінде:

            - әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтің 13 түрінен 421 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы - 6 түрі бойынша 35 қызмет,

электрондық нысанда 1 түрі бойынша 6 қызмет,

бөлім арқылы қағаз нысанда 1 түрі бойынша 136 қызмет көрсетілді.

Барлық қызмет тегін көрсетілді, ақылы қызмет түрлері жоқ.

-  еңбек саласында мемлекеттік қызметтің 3 түрі бойынша «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен  143 қызмет көрсетілді, соның ішінде:

«Электрондық үкімет» порталы арқылы 123 қызмет, 

Жұмыспен қамту орталығының ақпараттық жүйесі арқылы – 20 қызмет көрсетілген.

Барлық қызмет тегін көрсетілді, ақылы қызмет түрлері жоқ.

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметі бойынша, өтініштің жоқтығына байланысты қызмет көрсетілген жоқ. Қызмет тегін негізде көрсетіледі;

            - азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша жыл басынан бастап қызметтің 8 түрінен 280 қызмет көрсетілді, соның ішінде:

Мемлекеттік корпорация  арқылы 3 түрінен 35қызмет,

электрондық нысанда 5 түрінен 243 қызмет,

қағаз нысанда 3 түрінен 29 қызмет көрсетілді.

Тегін негізде 280 қызмет, ақылы 91 қызмет көрсетілді.

            Жалпы бөліммен көрсетілген 680 мемлекеттік қызметтің  ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 35 қызмет (5,1%), электронды үкімет порталы арқылы - 421 қызмет (61,9%), қағаз нысанда – 136 (20%) қызмет, қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы 88 қызмет (13%) көрсетілген.

            Мемлекеттік қызметтер стандарттары:

- әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтер стандарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 5 мамырдағы  № 320, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрықтарымен;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызмет стандарты  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен;

- азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен;

3) Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

- Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 100 қызмет немесе 14,7%;

- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу  - 100 қызмет немесе 14,7 %;

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу» - 143 қызмет немесе 21,02%;

- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 87 қызмет немесе 12,97%;

- Мемлекеттік атауыл әлеуметтік көмек тағайындау – 64 қызмет немесе 9,4%;

- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру – 39 қызмет немесе 5,7%;

- Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 38 немесе 5,6,%;

- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 14 немесе 2,05%.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Егіндікөл ауданының ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының   Егіндікөл ауданы бойынша ХҚКО филиалының ақпараттық стендтері,  және Егіндікөл ауданы әкімінің вебсайты болып табылады.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бағынысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Егіндікөл ауданы бойынша филиалы ХҚКО мамандарымен 1 семинар өткізілді, «Алтын астық» аудандық газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 22 мақала жарияланды.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) 2021жылы бөлімнің мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандары мемлекеттік қызмет көрсету және сапасын жақсарту мәселелері бойынша біліктілігін арттыру  курсынын өткен Иванова З.А.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) 2021 жылғы қыркүйекте мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына ішкі бақылау  өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу және негізсіз бас тарту болған жоқ. Мемлекеттік қызмет алу үшін мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, олардың мемлекеттік қызмет алуына бөлімде барлық жағдай жасалған. Бөлімде, Егіндікөл ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында, аудан әкімінің ресми интернет –ресурсінің «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттарды өзектендіру жүргізіледі.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі өкілетті органмен тексеру өткізілген жоқ.   

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

 

            Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

            Қызмет алушылардың  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мен қанағаттануы деңгейін арттыру үшін бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде.  2020 жылы  бөлімде  мемлекеттік қызмет көрсету сапасынның барлық өлшемдерін жақсарту  бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген:

- мемлекеттік қызмет көрсету  мерзімдерін бұзуға жол берілмеуі;

- мемлекеттік мекемелер басшылары, Егіндікөл ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдері, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация мамандарымен семинарлар өткізу, ресми интернет-ресурстары және БАҚ, стендтер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру;

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін ұлғайту (түсіндіру сипатындағы шаралар);

- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндіктері туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру және көпшілікке тарату бойынша іс-шаралар жүргізу;

-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру.

Бөлім басшысымен бөлімнің жедел кеңестерінде мемлекеттік қызмет сапасын арттыру туралы үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.   

 

 

            Бөлім басшысы                                                                               Г. Муллаянова

 

 

 

орынд: Г.Тайшибаева

21476

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы