Меню

Страницы

Статья

«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2021 жыл бойынша мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Қазақстан Республикасы

 экономика және бюджеттік жоспарлау

 министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы

№ 193 бұйрығына

2-қосымша

 

«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

2021 жыл бойынша мемлекеттік қызмет мәселелері  жөніндегі қызметі туралы есебі

 

  1. Жалпы ережелер
  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

         «Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, Егіндікөл а., Жеңіс көшесі, 6, тел: 8 (716 42) 2-13-31, 2-11-05.

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесіне сәйкес 2022 жылы бөлім мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетті, соның ішінде:

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».

Жылдық есеп қоса беріліп отыр.

Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығымен бекітілді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қазанда № 21345 болып тіркелді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері аудан әкімдігіндегі ақпараттық стендтер, ХҚКО, сондай-ақ аудан әкімінің интернет-ресурсы;

2) 2022 жылы мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат: мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларына ұсыныстар, ескертулер және түсініктемелер –

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру – 2022 жылы жүргізілген жоқ.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: электрондық/қағаз.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру – жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: барлығы 18 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2) 2022 жылғы  маусымда Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша тексеру жүргізді. Бақылау іс-шарасын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері бұзылуы анықталған жоқ.

3) 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында бөлім мақсатты жұмыстар жүргізеді, 2022 жылы бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

  • мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы ақпараттандыру: стендтер, БАҚ – «Алтын астық» аудандық газеті арқылы – 1 мақала, ресми интернет-ресурстар әлеуметтік желілер  Instaqram - 23 мақала, Facebook - 23 мақала, ХҚКО, әкімдік және ауыл, ауылдық округ әкімдері және мамандарымен, мемлекеттік мекемелердің басшыларымен семинарлар өткізу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру.

          

Егіндікөл ауданы экономика

және қаржы бөлімінің

басшысы                                                                                              С. Придан

 

 

Орын. Матвиенко В. 21105

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы