Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихатының депуттаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиялары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша депутатқа кандидаттар етіп тіркеді:
№2 сайлау округі бойынша (Спиридоновка а.)
- Тұрсынбаев Нұрсұлтан Қуатұлын, 1993 жылы туған, қазақ, Егіндікөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп директоры, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
№3 сайлау округі бойынша (Ұзынкөл а.)
- Бөкішев Талғат Қабдоллаұлын, 1972 жылы туған, қазақ, Тоғанас орта мектебінің директоры, Тоғанас ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
№4 сайлау округі бойынша (Полтавское а.)
- Шоқыбаев Серік Өмірбайұлын, 1973 жылы туған, қазақ, «Шәріп» шаруа қожалығының басшысы, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
№6 сайлау округі бойынша (Егіндікөл а.)
- Перекрест Валентина Федоровнаны, 1964 жылы туған, орыс, «Ассар» шаруа қожалығы басшысы, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.