Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихатының депуттаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиялары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша депутатқа кандидаттар етіп тіркеді:
№2 сайлау округі бойынша (Спиридоновка а.)
- Нұрхамитов Нұрзат Нұрмағамбетұлын, 1998 жылы туған, қазақ, №12 агротехникалық колледжінің, өндірістік оқыту шебері, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
№4 сайлау округі бойынша (Полтавское а.)
- Әубәкіров Талғат Тілеухорұлын, 1986 жылы туған, қазақ, Егіндікөл мемлекеттік сорт сынау участігінің басшысы, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
№7 сайлау округі бойынша (Егіндікөл а.)
- Мергалиева Гүлназ Рамазанқызын, 1997 жылы туған, қазақ, Егіндікөл №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
№10 сайлау округі бойынша (Егіндікөл а.)
- Мықтыбек Омар Мұратұлын, 1998 жылы туған, қазақ, Егіндікөл №1 орта мектебінің математика мұғалімі, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.