Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары 

депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты 

қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары, онлан-платформалар сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде (2023жылғы 14 – 18 наурыз аралығында) және дауыс берiлетiн күні (2023 жылғы 19 наурызда) Интернет желісінде жариялауға жол берілмейдi.

Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
26 января 2023
Дата обновления
26 января 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
24 октября 2026
Бейнероликтер
Ақпарат
24 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі
Ақпарат
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы