Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР! 2023 жылғы 19 наурыз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ҮНДЕУІ

 

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР! 

2023 жылғы 19 наурыз

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен 

мәслихаттары депутаттарының сайлауы

 

Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі Сіздің сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз болып табылады.

Тізімдерді дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерге олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі.

Дауыс беру күні өзінің тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат дауыс беру күніне отыз күн қалғанда, яғни 2023 жылғы 17 ақпанынан кешіктірмей тиісті әкімдікке өтініш беріп, өзінің нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы.

Өтініш түскен кезде әкімдік азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Осы құқықты:

- дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтынын білетін азаматтар;

- басқа қаладан келген, арнаулы жоғары және орта оқу орындарында оқитын, жатақханалардан тыс тұратын студенттер;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.

Азамат, біртұтас жалпыұлттық сайлау округін, сонымен қатар бірмандаттық аумақтық сайлау округтерін ескере отырып, сайлаушылардың бір ғана тізіміне енгізіле алады.

Сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріңіз бойынша енгізілгеніңізді тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы тексеруге болады.

2023 жылғы 4 наурыздан бастап Сізге өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі берілетін болады.

 

Құрметті сайлаушылар!

Сіздерді құқықтық сауаттылық танытып, өзіңіздің сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажетті заңдық маңызы бар әрекеттерді уақтылы қабылдаңыз!

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!

Дата публикации
24 января 2023
Дата обновления
24 января 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Аудиороликтер
Ақпарат
15 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
08 октября 2026
Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы 4 тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі.

Социальные медиа

Егіндікөл Ауданының Әкімдігі
Егіндікөл ауданы әкімінің

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы