cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.03-30.03.2026

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 07.04.2026

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 10.04.2026

Эссе: -

Практикалық баға 1-тапсырма: 15.04.2026

Практикалық баға 2-тапсырма: 16.04.2026

Практикалық баға 3-тапсырма: 17.04.2026

Анықтама телефоны: 87164221855

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок В, грейд 2

 

Лауазым атауы:

cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының

бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық және жол-көлік шаруашылығы, жолаушылар тасымалы, көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық жағдай саласында жұмыстар жүргізуге және қызметтер көрсетуге мемлекеттік сатып алуды жүргізу, сондай-ақ кенттік және ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалдарын бөлуге тендер өткізу; бөлім бойынша орта мерзімді жоспар мен бюджеттік өтінімді әзірлеу; баланс жасау; қаржыландыру жоспарларын жасау міндеттемелер мен төлемдер, штат кестесі бойынша; бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік есептің жүргізілуін, жалақы қорының есептелуі мен шығысын бақылау; «Мемлекеттік сатып алу туралы» жоспар мен есептілікті жасау; бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын әзірлеу және бекіту. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

Бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

     

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5016840892

 

cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының бас маманы
Дата публикации
27 марта 2026