2026 жылғы 1 наурызға Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 2026 жылғы 1 наурызға Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2026 жылғы 1 наурыз Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Алакөл сайлау округі

Алакөл ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 295 азамат енгізілді, олардың 235-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –14, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ғайнуллина А.А.- 26; Жылқыбаев М.К. – 174; Қарабекова А.К. – 17.

1988 жылы туған, ЖШС «Стройсервис MGK» басшысы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Астана қаласында тұратын Жылқыбаев Марат Құтанұлы Алакөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылғы 1 наурызға Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
02 марта 2026