2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есебі.

 

Қосымша 2

Қазақстан Республикасының

бюджеттік жоспарлау және

экономика министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы

 №193 бұйрығына

 

 

2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

 «Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есебі.

 

1.Жалпы ережелер.

1) Қызметті беруші туралы мәліметтер:

"Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі, 33 тел: 8 (716 42) 2-53-63.

2) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 2025 жылы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппаратымен 3 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтің 6 түрі бойынша 3 қызмет көрсетілді, оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы 0 қызметтің 6 түрі бойынша, электрондық нысанда 3 қызмет көрсетілді.

тегін негізде 3 қызмет көрсетілді, ақылы қызмет көрсетілмеді.

Аппарат көрсеткен 3 қызметтің ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 қызмет немесе 0%, электрондық үкімет порталы арқылы – 3 қызмет немесе 100% көрсетілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілді:

- жер қатынастары саласында-ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы "Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 1 қазандағы №301 қаулысына қосымша «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» 4 - қосымша, «елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» 9-қосымша-1,2 кезең «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 10-қосымша- 1,2 кезең, "бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»" 14-қосымшасы, «жер учаскесін алуға кезекке қою» 15-қосымшасы; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірінің 2023 жылғы 19 маусымдағы №236 бұйрығымен бекітілген 1 қосымша «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»,

1) көрсетілген қызметтердің жалпы санынан неғұрлым талап етілген мемлекеттік қызметтер:

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 2 қызмет немесе 66 %;

1) «Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-дегі ақпараттық стендтер, сондай-ақ әкім аппаратының әлеуметтік желілеріндегі парақшалардағы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады. Instagram желісіндегі пост, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы түсіндірмесі бар бейне-ақпарат; Facebook желісіндегі 2 пост,  «Алтын астық» газетінде «Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мақала.

2)мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар жүргізілген жоқ.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

1) 2025 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілмеген.

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстары – «Ауылдық округ әкімдігінде қызмет көрсету үдерістерінің тиімділігі және дебюрократизациясы» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын 40 академиялық сағат көлемінде

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру – жоқ.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2)мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілмеген. Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар мен мерзімдерді бұзу жоқ. Бөлімде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасалған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізілуде.

3) 2025 жылғы желтоқсанның 19-ы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында бұзушылықтар анықталған жоқ.

4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді:

-Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- стендтер, БАҚ және ресми Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, "азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының мамандарымен семинарлар өткізу,

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін ұлғайту (түсіндіру сипатындағы шаралар);

- көрсетілетін қызметті алушыларды "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі:                                            С. Сүлейменова

 

 

Тел.: 8(71642)25363

 

 

2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің есебі.
Дата публикации
27 февраля 2026