2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің есебі

Қазақстан Республткасы

бюджеттік жоспарлау

және эконика  министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы

№193 бұйрығына

2 қосымша

 

 

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің есебі

 

 

  1. Жалпы ережелер.

 

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Егіндікөл ауданы Полтавское  ауылы Центральная көшесі, 16А үй тел: 8 (716 42) 2-33-99, 8 (716 42) 2-33-10.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округі әкімінің аппараты жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді, қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ.

 

                       2025 жылы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»1,2 кезең,  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бес мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы:

«Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы:

-«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»- 1-қосымша;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» 4-қосымша;

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 1, 2-кезең - 9-қосымша;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» 10-қосымша 1, 2 кезең,

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»  14-қосымша

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» 15-қосымша;

 

1) «Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі ақпараттық стендтер және әкім аппаратының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орнатылған ақпарат болып табылады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілген жоқ.

3) Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 7 мақала жарияланды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету және олардың сапасын арттыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

 

1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау  жүргізілген жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінен негізсіз бас тартулар мен бұзушылықтар жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның тексерулері жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызметтер алушылардың одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру келешегі.

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауыл әкімі мақсатты жұмыс жүргізуде. Мәселен 2025 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша аппараттық кеңес өткізілді:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- халықты стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету;

- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

Алакөл ауылдық округі әкімінің м.а.                                                             Т. Бехлер

 

 

2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің есебі
Дата публикации
27 февраля 2026