Қосымша 2
Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 25 маусымдағы №193
экономика министрлігінің бұйрығына
бюджеттікжоспарлау
"Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі.
1.Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
"Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ, Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 6, тел: 8 (716 42) 2-15-90,
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерТізіліміне сәйкес 2025 жылы бөлім 10 Қызмет түрі көрсетті:
«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спорттық разрядтарын және біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екіншісанатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екіншісанатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі»-10 қызмет:
«Олимпиада, Параолимпиада, Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оларды пайдалану» -0 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы:
-Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері агенттігіТөрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 тамызда № 9675 болып тіркелді. Спорттық жетістіктерді разрядтар мен біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 21 сәуірде № 20438 тіркелді. Олимпиада, Параолимпиада, Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) 2025 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілмеген.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру –жоқ.
4 .Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау 2025 жылы жүргізілмеген. Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар мен мерзімдерді бұзу жоқ. Бөлімде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасалған. Бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру, білім бөлімінің Ресми Интернет-ресурсында жүргізіледі.;
3)мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен тексерулер жүргізілмеген. Анықталған пікірлер түзетілд.
4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді:
-Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- стендтер, БАҚ және ресми Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету;
- көрсетілетін қызметті алушыларды "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Бөлім басшысымен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру туралы бөлімнің жедел мәжілістерінде үнемі түсіндіру жүргізіледі.
Басшы Г. Кусаинова