Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2025 жылғы
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ», Егіндікөл а., Жеңіс көшесі 6 , тел: 8 (716 42) 2-13-31, 2-11-05.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер тізбесіне сәйкес 2025 жылы бөлім мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді, соның ішінде:
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актінің атауы:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығы.
1) Аудан әкімдігіндегі ақпараттық стендтер, «Отбасы банкі» АҚ сайты, сондай-ақ аудан әкімінің интернет-ресурсы, «Алтын астық» аудандық газеті, Instaqram, Facebook әлеуметтік желілерінің ресми интернет-ресурстары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі болып табылады.
2) 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына ұсыныстар, ескертулер және түсініктемелер -
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру (2023 жылғы 1 сәуірден бастап қызмет «Отбасы банк» АҚ автоматтандырылды) көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық
2) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - жоқ.
1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау 2025 жылдың мамыр айында жүргізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: барлығы 24 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінен негізсіз бас тартулар мен бұзушылықтар жоқ. Бөлімде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасалған. Бөлімде, ресми Интернет-ресурста мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізілуде;
3) 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның тексеруі жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыс жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына жол бермеу;
- халықты стендтер, БАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету – «Алтын астық» аудандық газеті - 1 жарияланым, ресми интернет-ресурстар Instaqram әлеуметтік желісі - 3 жарияланым, Facebook - 3 жарияланым, «Отбасы банк» АҚ мамандарымен, ауыл, ауылдық округ әкімдері және мамандарымен, мемлекеттік мекеме басшыларымен семинарлар өткізу.
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Егіндікөл ауданының
экономика және қаржы
бөлімінің басшысы м.а. И. Баковец