Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6, тел: 8 (716 42) 2-13-50.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бөлімде 16 мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2025 жылы кезінде - 543 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде: ХҚКО - 86, ЭҮП - 344, кеңсе - 113.
- жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 12 түрі бойынша 146 қызмет көрсетілді, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бойынша - 0 қызмет, электронды нысанда - 141 қызмет, кеңсе - 5 қызмет. Мемлекеттік көрсетілетін барлық қызметтер тегін негізде көрсетілді, ақылы қызметтер жоқ.
- ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 4 түрі бойынша 428 қызмет көрсетілді, оның ішінде: Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бойынша - 83 қызмет, электронды нысанда - 241 қызмет, кеңсе - 104.Үш қызмет ақылы, бір қызмет тегін негізде көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы:
- жер қатынастары саласында:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
-ауылшаруашылығы саласында:
-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығы.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығы.
- -Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/2679 бұйрығы.
3) Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан неғұрлым талап етілген мемлекеттік қызметтер:
- «Жерге орналастыру жобаларын бекіту жер учаскелерін қалыптастыру» - 104 мемлекеттік қызметтер.
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 133 мемлекеттік қызмет.
1) Егіндікөл филиалындағы ақпараттық стендтер, сондай-ақ Егіндікөл ауданы әкімінің вебсайтындағы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар жүргізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізу: Facebook, Instagram, әлеуметтік желілерінде 10 мақала жарияланды
1) 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау 2025 жылғы сәуірде жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тартулар немесе мерзімдерді бұзу фактілері жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мониторингілеу жөніндегі уәкілетті органмен тексерулер жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар мен мерзімдерді бұзу жоқ
Егіндікөл ауданы әкімшілігінде ресми Интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізіледі;
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді
алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Мәселен 2025 жылы бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша іс шаралар жоспары бекітілді:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- стендтер, БАҚ және ресми Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, ауыл және ауылдық округ әкімшіліктің мамандарымен семинарлар өткізу;
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін азайту (түсіндіру сипатындағы шаралар);
- көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Бөлімнің басшысы А. Кантемиров