2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Жылқыбаев Марат Құтанұлы - 1988 жылы туған, ЖШС «Стройсервис MGK» басшысы, Астана қаласында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
- Ғайнуллина Айнагүл Асқарқызы - 1987 жылы туған, «Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Қарабекова Айнұр Көлбайқызы – 1984 жылы туған, «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы