Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының
6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және «Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімнің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Егіндікөл ауылы әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қаңтардағы №15/16 қаулысы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 5 мамырдағы №15/8 «Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.
Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары
Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Алакөл сайлау округі Алакөл ауылдық округінің шекарасында.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 7, Егіндікөл ауданының аудандық әкімдігінің ғимараты, телефоны 8(71641)2-11-66
Комиссия төрағасы– Жаңабаев Самат Жаңабайұлы;
Комиссия төрағасының орынбасары– Джұмабаева Гүлзада Серікқызы;
Комиссия хатшысы – Дингель Андрей Владимирович; комиссия мүшелері: Попова Лидия Николаевна, Ибраева Гузель Рамильевна, Шадура Татьяна Васильевна, Шоқыбай Асқар Серікұлы.
Егіндікөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы