2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының әкімі болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Қарабұзауов Марат Болатұлы - 1971 жылы туған, «Егіндікөл ауданы сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, Егіндікөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
- Бехлер Татьяна Петровна - 1987 жылы туған, «Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Полтавское ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Құрманова Ляззат Айдарханқызы– 1986 жылы туған, «Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Ұзынкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы