Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

 

2026 жылғы 13 қаңтарда сағат 18.00-де Егіндікөл  ауданы Егіндікөл ауылының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33,3%) - «AMANAT» партиясынан, 2 (66,7 %) - өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік - 3 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 18 қаңтарда сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
13 января 2026