Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА

Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының  әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы

ХАБАРЛАМА

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 14 бабының
6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және «Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімнің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Егіндікөл ауылы әкімін сайлауды тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы  №24/9 қаулысы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 5 мамырдағы  №15/8  «Егіндікөл ауданы Егіндікөл  ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы»  қаулысына сәйкес, Егіндікөл ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.

 

Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары

 

Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының   әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Егіндікөл сайлау округі  Егіндікөл ауылының  шекарасында.

 

Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

 

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы,   Жеңіс көшесі 7, Егіндікөл ауданының аудандық әкімдігінің ғимараты, телефоны 8(71641)2-11-66

 

Комиссия төрағасы– Жаңабаев Самат Жаңабайұлы;

Комиссия төрағасының  орынбасары– Джұмабаева Гүлзада Серікқызы;

Комиссия хатшысы – Құрманов Сұлтан Сейітқалиұлы;  комиссия мүшелері: Дингель Андрей Владимирович, Попова Лидия Николаевна, Ибраева Гузель Рамильевна, Шадура Татьяна Васильевна.

 

 

 

Егіндікөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
31 декабря 2025