Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспектор

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.10-17.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 28.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 31.10.2025

Эссе: -

Сұхбат: 05.11.2025

Анықтама телефоны: 87164221855

E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243 700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок В, грейд 4

 

Лауазым атауы:

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспектор

 

Функционалдық міндеттері:

ҚР Президентінің, Үкімет актілерін, аудан әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі  мәселелерге қатысты шешімдері мен өкімдерінің  орындалуының жүзеге асырылуын бақылау және тексеру. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп және көлік жөніндегі  мәселелерді үйлестіру және бақылау. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментпен өзара жұмыс жүргізу. Аудан әкімі аппараты, ауыл, ауылдық округтердің жауапты қызметкерлерінен кезекшілік кестесін құру және бақылау. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігі, су тасқынына қарсы, эвакуациялық бақылау жөніндегі комиссиялардың құжаттарын дайындау және оны жүргізу. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланғандағы жұмысына көмек көрсету, әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысу. Әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Аудан шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және соғыс уақытындағы жұмыс істеуге көшіру іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету. Аудан шегінде әскерге шақырылуға тиісті азаматтарды дер кезінде хабардар етуді және жеткізуді, жиналу орындарына немесе әскери бөлімдерге техника беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің  шешімі бойынша жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде ауданның басқаруындағы коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтаждарына беру. Аудан шегінде жұмылдыру жоспарын әзірлеу және бекіту, жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

Педагогикалық ғылымдар (алғашқы әскери дайындық) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану) немесе қызметтер (тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талапқа сәйкес болуы тиіс:

       жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

     

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4571599083

 

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспектор
Дата публикации
10 октября 2025