2025 жылғы 13 шілдеде Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 13 шілдеде Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округ әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Жалманқұлақ сайлау округі
Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 92 азамат енгізілді, олардың 67-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахметов Ж.З. – 55; Бехлер Т.П.- 7; Ғайнуллина А.А. – 5.
1979 жылы туған, «Жалманқұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Егіндікөл ауылында тұратын Ахметов Жолымбет Зейнулғабиденұлы Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы