«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.07-16.07.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.07.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 27.07.2025
Эссе: -
Сұхбат: 31.07.2025
Анықтама телефоны: 87164221855
E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327924
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Блок А, грейд 6
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру – бақылау жұмыс бөлімінің басшысы
Функционалдық міндеттері:
Жалпы басшылық және бөлім жұмысын ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдар құжаттарының уақытында орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету, басшылықты бақылау құжаттары мен тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттандыру, тапсырмалардың орындалу сапасына мониторинг жүргізу. Аппараттың ұйымдастырушылық жұмысын регламенттейтін құжаттарды дайындауға қатысу. Ауыл және ауылдық округ әкімдерінің жұмыс стилін, үлгілері мен әдістерін жетілдіру, барлық деңгейдегі сайлау органдарына сайлау өткізу мәселелері, ауданды әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелері жөніндегі жұмыс. Жоғарғы орган өкілдерінің жұмыс сапарлары бойынша материалдар дайындау. Аудан әкімі және ауыл және ауылдық округ әкімдерінің аудан халқымен есеп беру кездесулерін өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Халықпен есеп беру кездесулерінде берілген аудан әкімі тапсырмаларының орындалу барысын бақылау. Кеңестерге материалдар дайындау, аудан әкімі кеңестерінің хаттамаларын жүргізу. Референдумдар, ҚР Президентінің, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын, биліктің жергілікті өкілетті органдарының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауына дайындық және өткізуге қатысу, осы науқандардың ұйымшылдықпен өтуін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе қызметтер саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талапқа сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4423162047