Қоржынкөл ауылы әкімі аппаратының бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.06-24.06.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 02.07.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 05.07.2025

Эссе: -

Сұхбат: 11.07.2025

Анықтама телефоны: 87164221855

E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок В, грейд 3

 

Лауазым атауы:

Қоржынкөл ауылы әкімі аппаратының бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

Жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдарына және жерге салынатын салықтарды жинауды жүзеге асыру. Нотариалдық әрекеттер жүргізу, азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу. Жұмыспен қамту орталығынндағы қоғамдық жұмыстар бойынша атқарылған жұмыстың көлемін бақылау. Ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының нормативтік құқықтық актілерін жүргізу. Әскери есеп және брондауды ұйымдастыру, әлеуметтік карта бойынша есептілік жасау, балалары бар отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек есептеу жұмыстарына бақылау жасау. «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы бойынша сайлаушылардың тізімін түзету, ай сайын сайлаушылардың тізімін салыстырып тексеру, тоқсан сайны сайлаушылардың саны туралы есептер дайындау. Халық және шаруа-фермер қожалықтарының шаруашылық есеп кітаптарын жүргізу. Мемлекеттік мерекелерді, айтулы күндерді мерекелеумен байланысты бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.   

 

Білімі бойынша талап:

          Педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық–коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

            Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4347759535

Қоржынкөл ауылы әкімі аппаратының бас маманы
Дата публикации
17 июня 2025