2024 жылғы 13 шілдеге белгіленген Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Егіндікөл аудандық аумақтық    

сайлау комиссиясының

2025 жылғы 4 маусымдағы

№1/1 қаулысымен бекітілген

 

2024 жылғы 13 шілдеге белгіленген Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1.     Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімін кезекті сайлауды тағайындау (бұдан әрі-әкімдер).

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын

2025 жылдың 4 маусым

(113-1-б. 1-т. (1-тт), 2-т

2. Сайлау округі, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылдың 14 маусымнан кешіктірмей

 (22-б, 2-т.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылдың 14 маусымнан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылдың 19 маусымнан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2025 жылдың 19 маусымнан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

6. Әкім болуға кандидатты ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар-өз мүшелері арасынан,азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсү ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді.

2025 жылғы 5 маусымнан басталады және 2025 жылғы 17 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (113-3-б.)

7. Әкім болуға кандидатты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп

 (4-б., 113-2)

8. Әкім болуға кандидаттар сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1 тт.) т., 31-б.)

9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкім болуға кандидатты қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиясы

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде.

(113-4-б. 8-т.,9-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде (әр ұсынылған кандидатқа 85 000 теңге) сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімге кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2025 жылғы 1 маусымға).

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылғы 5 маусымда басталады және 2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 

(113-5-б. 14-т.)

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық

сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2025 жылғы 21 маусымға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылдың 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 12 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 

                                                                           (27-б. 2-т.)

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 22 маусымға дейін

 (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 27 маусымға дейін

 

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 2 шілдеге дейін

 (18-б. (5-тт), 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу                          

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2025 жылғы 10 шілдеден және 12 шілдеге дейін

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 13 шілде жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де                                                        (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. (8-тт), 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 16 шілдеден кешіктірмей

 (113-10-б. 1-т.)

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей

 (44-б. 4-т (3-тт.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлікті беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей

 (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

2024 жылғы 13 шілдеге белгіленген Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
04 июня 2025