Егіндікөл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.04-05.05.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 15.05.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.05.2025

Эссе: -

Сұхбат: 21.05.2025

Анықтама телефоны: 87164221855

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок А, грейд 4

 

Лауазым атауы:

Егіндікөл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

Халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері бойынша тұрғындар және жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және қатысу. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдары қызметкерлерінің жалақы бойынша берешектеріне мониторинг жүргізу, бөлім басшылығы мен облыс басқармасы үшін қорытылған материалдарды ұсыну. 3-ТН нысанындағы есепті құрастыру (жасырылған жұмыссыздық туралы мәліметтер (қысқартылған және ішінара жұмыспен қамтылған жұмыскерлер, жалақы бойынша берешек туралы). ЕТСУД жүйесіне немесе ЭБТ порталына қызметкерлермен жасалған еңбек шарттарын енгізу бойынша ауданның кәсіпорындары және ұйымдарымен жұмыс. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарымен ұжымдық шарттар, өндірістік процестерді тұрақтандыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын төмендету бойынша меморандумдар жасау бойынша жұмыс. МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмағандармен жұмысты ұйымдастыру. Бас бостандығын айыру орындарынан босаған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, бөлім басшылығы мен облыс басқармасы үшін қорытылған материалдар ұсыну. Бөлімнің мүгедектігі бар адамдарды квота бойынша жұмысқа орналастыру, пробация қызметінде есепте тұрған, бас бостандығын айыру орындарынан босаған адамдарды және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе жоғалтқан, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы туралы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу. «Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия» жұмысын ұйымдастыру, бөлім басшылығы мен облыс басқармасы үшін қорытылған материалдар ұсыну. «Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия» жұмысын ұйымдастыру, бөлім басшылығы мен облыс басқармасы үшін қорытылған материалдар ұсыну. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету. «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйені жүргізу. «Жаңа жұмыс орындарын құрудың ықпалдастырылған картасын» жүргізу. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Мәселелер сипатын және өтініштер бойынша қабылданған шешімдерді сапалы және нақты толтыру. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру

 

Білімі бойынша талап:

        Педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандар дайындау) немесе бизнес, басқару және құқық немесе қызметтер (әлеуметтік жұмыс) саласында

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

         Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4283133398

 

 

 

Егіндікөл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы
Дата публикации
25 апреля 2025