"Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

 Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау Министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы

 №193 бұйрығына

 2 қосымша

 

"Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

"Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі 11 үй тел: 8 (716 42) 2-15-60.

 

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер Тізіліміне сәйкес Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді, қызметтер тегін көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ.

2024 жылы 5 (бес) Мемлекеттік қызмет көрсетілді, Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу (бірінші кезең)-3 қызмет, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін ұсыну (екінші кезең) -2 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы:

"Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы:

- "жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" 1-қосымша,

- "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" 4-қосымша,

- "кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" 9-қосымша-1, 2 кезең,

- "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" 10-қосымша-1, 2 кезең,

- "жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату" 14-қосымша

- "жер учаскесін алуға кезекке қою" 15-қосымша.

            1) "Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ақпараттық стендтері, сондай-ақ әкім аппаратының әлеуметтік желілеріндегі беттердегі ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады. 

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау жүргізілген жоқ.

            3) Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 4 мақала жарияланды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.

            2) 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету және сапасын арттыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстары өтпеді.

            3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру-жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

            1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

            2) 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілмеген. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінен негізсіз бас тартулар мен мерзімдерді бұзу жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізілуде.    

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексерулер жүргізген жоқ.

            4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына алушылардың қызметтерінің одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

            Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппараты мен мақсатты  жұмыс жүргізуде,

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша аппараттық кеңес өткізілді:

            - Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

            - халықты стендтер, БАҚ және ресми Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету;

            - "Электрондық үкімет"порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар етуді жүргізу;

            - Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

 Жалманқұлақ ауылдық  округінің әкімі                                                   Ж. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. Тапалова А.Б.

Тел: 8 716 42 21560

 

 

"Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Дата публикации
28 февраля 2025