«Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

Қосымша 2

экономика министрінің бұйрығына

бюджеттік жоспарлау

Қазақстан Республикасының

2013 жылғы 25 маусымдағы №193

 

«Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

1.Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

"Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімі аппараты" ММ, Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы, Горький көшесі 3 үй тел: 8 (716 42) 2-72-01.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

            Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2024 жылы Спиридоновка ауылы әкімінің аппаратында жер қатынастары саласында 2 мемлекеттік қызмет көрсетілген:

  • "Кент,ауыл жерлерінен жеручаскесін беру (біріншікезең)- 1 мемлекеттік қызмет
  • "Кент,ауыл жерлерінен жеручаскесін беру (екіншікезең) - 1 мемлекеттік қызмет

Барлық қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ақысыз негізде көрсетіледі, ақылы қызметтер жоқ.

            Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актінің атауы:

            «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы No 301 бұйрығы:

            -4-қосымша "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";

            -9-қосымша "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" – 1,2 кезең ;

            -10-қосымша "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" – 1,2 кезең;

            - 14-қосымша "Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату ";

            -15-қосымша  "Жер учаскесін алуға кезекке қою".

            1)"Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімі аппараты" ММ-дегі ақпараттық стендтер, сондай-ақ әкім аппаратының әлеуметтік желілеріндегі парақшалардағы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.

            2)мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар жүргізілген жоқ.

            3)Facebook, Инстаграм әлеуметтік желісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 9 мақала жарияланды.

            3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

            1)2024 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілмеген.

            2)2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету және сапасын арттыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстары қарастырылған жоқ.

            3)  Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру –жоқ.

            4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

            1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

            2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау 2024 жылда жүргізілген жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар мен мерзімдерді бұзу жоқ. Ауыл әкімі аппаратында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасалған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізілуде. 2024 жылы желтоқсан айында Сервистік әкімдік ашылды.

            3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен тексерулер жүргізілмеген.

            4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.

            5.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары.

            Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауыл әкімі аппаратымен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша аппараттық кеңес өткізілді:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- стендтер, БАҚ және ресми Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету;

- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін азайту (түсіндіру сипатындағы шаралар);

- көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

Спиридоновка ауылы әкімі                                                                              А. Башенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы  Башенов А. К

871642 27202

«Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп
Дата публикации
28 февраля 2025