«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау Министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы

№ 193 бұйрығына

2-қосымша

 

«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2024 жылғы

 мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ», Егіндікөл а., Жеңіс көшесі 6 , тел: 8 (716 42) 2-13-31, 2-11-05.

2)      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер тізбесіне сәйкес 2024 жылы бөлім мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді, соның ішінде:     

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актінің атауы:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығы.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1)    Аудан әкімдігіндегі ақпараттық стендтер, «Отбасы банкі» АҚ сайты, сондай-ақ аудан әкімінің интернет-ресурсы, «Алтын астық» аудандық газеті, Instaqram, Facebook әлеуметтік желілерінің ресми интернет-ресурстары мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі болып табылады.

2)    2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына ұсыныстар, ескертулер және түсініктемелер -

 

            Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1)    Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру (2023 жылғы 1 сәуірден бастап қызмет «Отбасы банк» АҚ автоматтандырылды) көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық

 

2)    Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1)    Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: барлығы 18 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

2)    2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыс жүргізілуде:

-  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына жол бермеу;

- халықты стендтер, БАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету – «Алтын астық» аудандық газеті - 1 жарияланым, ресми интернет-ресурстар Instaqram әлеуметтік желісі - 7 жарияланым, Facebook - 7 жарияланым, «Отбасы банк» АҚ мамандарымен, ауыл, ауылдық округ әкімдері және мамандарымен, мемлекеттік мекеме басшыларымен семинарлар өткізу.

-  мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

Егіндікөл ауданының

экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                                                    С. Придан

 

 

 

 

 

 

«Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Дата публикации
28 февраля 2025