Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8С16-2 «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  Егіндікөл ауылы        село Егиндыколь

 

 

 

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8С16-2 «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8С16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1- қосымшасында:

 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

 2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Егіндікөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

 3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

 4) әлеуметтік көмек – Егіндікөл ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;

 5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

 7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін Егіндікөл ауданы әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

10) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

 11) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

 12) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

13) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

 14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

 15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда бір рет) көрсетіледі»;

 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін Егіндікөл ауданының әкімдігі белгілейді және Егіндікөл аудандық мәслихатының шешімдерімен бекітіледі.

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

4) ең төмен күнкөріс деңгейіне екі еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.

Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді орган бекітеді.

Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде Егіндікөл аудандық мәслихаты бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін Егіндікөл аудандық мәслихаты облыстың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын Егіндікөл ауданының әкімдігі айқындайды. Әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері уәкілетті ұйымға, не өзге де ұйымдарға сұрау салу негізінде немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе уәкілетті ұйымға осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) осы Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады»;  

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі:

1) кірістерді есепке алмағанда:

дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, бірінші типті қант диабеті, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға, жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өтініш беруші ұсынған түбіртектердің көшірмелеріне сәйкес, алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен коммуналдық қызметтерді және телефон байланысы қызметтері үшін абоненттік төлемді төлеу шығындарына ай сайын 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;

босатылған күнінен бастап үш айдан кешіктірмей бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

пробация қызметіне тіркелген күнінен бастап үш айдан кешіктірмей пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан және емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;

2) кірістерді ескере отырып бір рет:

жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне екі еселік қатынаста шектен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

Келесі тегін қызметтер түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына табысын есепке алмай ұсынылады:

- санаторлық-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру:

жолдама құнының 100%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге (әзірленген жеке оңалту және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылатын мүгедектерді қоспағанда);

Осы Қағидалардың әлеуметтік көмегін алу үшін өтініш беруші санаторлық-курорттық емдеуден кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей келесі құжаттарды қоса бере отырып, әкімшіге өтініш ұсынады:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) шот-фактура немесе фискалды чек;

3) атқарылған жұмыстар актісі;

4) «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы екінші деңгейдегі банктегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Әкімші өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде өтініш қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмекті ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушінің жеке шоттарына есептеуді жүргізеді.

Санаторлық-курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.

Санаторлық-курорттық емделуден өту мерзімі күнтізбелік он төрт күнді құрайды.

 Санаторлық-курорттық емделу құқығы екі жылда бір рет жасы бойынша зейнеткерлер беріледі.

Санаторлық-курорттық емдеуден өту орнына дейін және кері қайту жол жүру құнын төлеу санаторлық-курорттық ем алушының өз қаражаты есебінен жүргізіледі";

12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Егіндікөл аудандық мәслихаты белгілеген шектен артық болған;

4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады»;

13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Егіндікөл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті ұйымға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.

Уәкілетті ұйым әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады»;

14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«14. Әлеуметтік көмек:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8С16-2 «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
07 февраля 2025