«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.01-22.01.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.01.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 02.02.2025
Эссе: -
Сұхбат: 05.02.2025
Анықтама телефоны: 87164221855
E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Блок А, грейд 5
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауылдық әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы
Функционалдық міндеттері:
Ауданның ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігін бағалауды бақылау және мониторинг жүргізу. Аудан әкімдігіндегі мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының ережелерін орындау. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді қызметтер ұсынушылардың қатысуымен жария талқылаулар жүргізуді қамтамасыз ету. Стандарттар, регламенттер және мемлекеттік қызметтер ұсынуға қатысты ақпараттарды аудан әкімінің сайтында орналастыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдау. Мемлекеттік қызметтер ұсыну мәселелері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы, үкіметтік емес құрылымдармен өзара әрекет ету. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аналитикалық ақпараттар жинау, талдау және жүйелеуді ұйымдастыру. Аудан әкімі аппараты техникалық құралдарының пайдалану тиімділігіне талдау жасау, бағдарламалық қамтамасыз ету және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар енгізу. Жоғары тұрған органдардың құжаттарын, облыс әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері, өкімдері мен тапсырмалары, аудан әкімі аппараты басшысының ақпараттық технологиялар енгізу және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты бөлігін бақылау және орындау.
Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Педагогикалық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе саясаттану немесе психология) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе менеджмент немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (статистика) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе аграрлық техника және технология) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жерге орналастыру) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талапқа сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.4129622049