АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Егіндікөл аудандық мәслихатының №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы
(2024 жылғы 8 желтоқсандағы сайлау)
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2024 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей Егіндікөл аудандық мәслихатының №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта: tik_egindykol@mail.ru, мекенжайы: Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 7) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы