Тауардың бағасы теңгемен көрсетіледі.

Тауардың бағасы теңгемен көрсетіледі.

Құрметті Ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Сіздердің назарларыңызға «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес тауардың бағасы оны Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптарында өткізген кезде теңгемен көрсетілетінін хабарлайды.
Сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған бағалар жапсырмасымен ресімделген тауардың теңгедегі бағасын көрсетпей Қазақстан Республикасының аумағында өткізу не сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған құны жапсырмамен ресімделген бағадан асатын тауарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу не тауар бағасын көрсету сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптарында оны іске асыру кезінде теңгемен – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс – әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тауардың бағасы теңгемен көрсетіледі.
Дата публикации
16 октября 2024