2024 жылғы 15 қыркүйекте Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылы және Алакөл ауылдық округ әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 15 қыркүйекте Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылы және Алакөл ауылдық округ әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылы және Алакөл ауылдық округ әкімдерінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қоржынкөл сайлау округі
Қоржынкөл ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 228 азамат енгізілді, олардың 158-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахметжанов Ғ.А. – 113; Ғайнуллина А.А.- 18; Қарабекова А.К. – 15.
1962 жылы туған, «Қоржынкөл ауылы әкімінң аппараты»ММ әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Бауман ауылында тұратын Ахметжанов Ғайдар Аллабергенұлы Қоржынкөл ауылының әкімі болып сайланды.
Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 17 қыркүйекте № 64/8 шешімімен 2024 жылғы 15 қыркүйекте сайланған Егіндікөл ауданының Қоржынкөл ауылының әкімін тіркеді
Алакөл сайлау округі
Алакөл ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 312 азамат енгізілді, олардың 245-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 14.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахметов Қ.М. – 159; Шалтаева Ж.С.- 37; Шевченко Е.Л. – 28.
1965 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Астана қаласында тұратын Ахметов Қайрат Мадкенұлы Алакөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 17 қыркүйекте № 65/9 шешімімен 2024 жылғы 15 қыркүйекте сайланған Егіндікөл ауданының Алакөл ауылдық округінің әкімін тіркеді