Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.09-23.09.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.09.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 27.09.2024

Эссе:

Сұхбат: 02.10.2024

Анықтама телефоны: 87164221855

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок А, грейд 4

 

Лауазым атауы:

Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

Спорттың түрлері бойынша аудан аумағында өткізілетін өңірлік спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; облыстың, Қазақстан Республикасының кешендік іс-шараларына және өзге де жарыстарға қатысу үшін спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларын дайындауды ұйымдастыру және іске асыру; спорт ұйымдарына консультативтік және әдістемелік көмек көрсету,  ведомствоға қарасты ұйыммен (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі) жұмыс. Ауданда спорттық – сауықтыру іс-шараларын,  дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарларын дайындау және жүзеге асыру. Жиындар өткізу және кешендік облыстық, республикалық және өзге де іс-шараларға қатысу үшін спорттың түрлері бойынша ауданның құрама командаларын дайындау. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.  

 

Білімі бойынша талап:

Педагогикалық қызмет немесе бизнес, басқару және құқық (спорт менеджменті)  саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

         Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3912880114

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
16 сентября 2024