«Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № а-11/167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

         Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № а-11/167 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30129 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген                  Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Егіндікөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

ТАӘ

«Егіндікөл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № а-11/167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
12 сентября 2024