Ақмола облысы Егіндікөл ауданының сайлау учаскелерінің шекарасы және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-бабының 2-тармағына, 23-бабының 5-тармағына, 113-1-бабына, Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №36/20 «Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылының әкімін кезекті сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы» қаулысымен, Егіндікөл ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №7 шешіміне сәйкес, Егіндікөл ауданының сайлау учаскелерінің шекарасын, учаскелік сайлау комиссияларының құрамын және орналасқан жерін хабарлаймыз.
№ 381 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Полтавское ауылы, Центральная көш. 16,
орта мектебінің ғимараты, тел: 8 (71642) 2-34-08.
Шекаралары: Полтавское ауылы.
Төраға – Рахметов Мақсат Алпысбайұлы; төрағаның орынбасары – Смағұл Ерлан Бекенұлы; комиссия хатшысы – Бехлер Татьяна Петровна; комиссия мүшелері – Колпак Ирина Станиславовна, Бутрамьева Людмила Сергеевна.
№ 382 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Көркем а., Көркем көш. 17,
негізгі мектебінің ғимараты, тел: 8 (71642) 2-34-29.
Шекаралары: Көркем ауылы.
Төрайым – Жарқынбекова Жанаргүл Оралбайқызы; төрайымның орынбасары – Жүсіпов Сағадат Еренғалиұлы; комиссия хатшысы – Мұқанова Ризвангүл Жұмабайқызы; комиссия мүшелері – Мұхомедияров Тілек, Тұяқова Динара Өмірзаққызы.
№ 390 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Қоржынкөл ауылы, Школьная көш. 18,
орта мектебінің ғимараты, тел: 8 (71642) 2-61-16.
Шекаралары: Қоржынкөл ауылы.
Төрайым – Фомина Галина Гордеевна; төрайымның орынбасары – Долгополова Дина Владимировна; комиссия хатшысы – Коваленко Наталья Викторовна; комиссия мүшелері – Михеева Зарина Алишеровна, Ысқақова Ғалия Елубайқызы.
Егіндікөл ауданының әкімі
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы