Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылының әкімін кезекті сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының, 113-1 бабының 1 тармағының 1,3 тармақшаларына, 4 тармағына және Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №36/20 «Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылының әкімін кезекті сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Алакөл ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, сайлау 2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалғанын хабарлаймыз.