«Егіндікөл ауданының әкімдігі, жұмыскерлер және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған аудандық КЕЛІСІМ аясында қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

 

 

 

«БЕКІТІЛДІ»

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік

және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі

 комиссия отырысының

2024 жылғы 16 шілдедегі № 8 хаттамасымен

 

«Егіндікөл ауданының әкімдігі, жұмыскерлер және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасындағы                       2024-2026 жылдарға арналған аудандық КЕЛІСІМ аясында қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі                           іс-шаралар жоспары

 

№ р/н

Іс-шаралардың атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

«Әлеуметтік әріптестік және диалог» бөлімі

Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдады:

1.

Аудан деңгейінде әлеуметтік әріптестіктің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін келісу бойынша әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның (бұдан әрі – аудандық үшжақты комиссия) рөлін күшейту жөніндегі бірлескен жұмыс бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

Аудан әкімдігі, КБ,

ЖББ

тұрақты

2.

Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде ұжымдық шарттар жасасу міндеттілігін мойындай отырып, ұжымдық шарттар жасасуды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдай отырып, ауданда әлеуметтік әріптестік қағидаттарын қолдануды кеңейту бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

КБ,

ЖББ,

Аудан әкімдігі

тұрақты

3.

Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарына әлеуметтік әріптестік келісімдер міндеттемелерін және ұжымдық шарттарды іске асыруға жәрдемдесу бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

Аудан әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар,

КБ,

ЖББ

жартыжылда

1 рет

4.

Егіндікөл ауданында ұжымдық шарттар жасасу мониторингі және еңбек ұжымдарының конференциялары мен жиналыстарында олардың орындалуы туралы жыл сайын хабардар ету бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЕИБ,

КБ,

Аудан әкімдігі

жартыжылда

1 рет

5.

Басқарудың барлық деңгейлерінде ауданда әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

Аудан әкімдігі, ЖББ,

КБ

тұрақты

6.

Аудан кәсіпорындарында, ұйымдары мен мекемелерінде ұжымдық шарттар жасасу бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЖҚӘББ,

КБ,

ЖББ

Жартыжылда

1 рет

«Бағдарламалық және стратегиялық құжаттар» бөлімі

Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдады:

7.

Аудандағы кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға, Егіндікөл ауданын орнықты дамытуға бағытталған стратегиялық құжаттарда белгіленген экономика салаларындағы негізгі реформаларды іске асыруда бірлескен күш-жігерді біріктіру бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар,

ЖБББ

тұрақты

8.

Әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты өзге де қатынастарды қозғайтын өңірдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асырудың реттеуші және нақты әсерін, тиімділігін дайындауға, сараптама жүргізуге, орындауға және бағалауға жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдерінің қатысуына жәрдемдесу бойынша.

Тараптар әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның қарауына өз ұсыныстарын шығара отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламалық және стратегиялық жоспарларын/құжаттарын әзірлеуге қатысуға уағдаласты.

Тараптар сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының іске асырылуын талдауға қатысатын болады, қажет болған жағдайда тиісті құжаттарды (өңірдің жұмыспен қамтылуын және халқының табысын қалпына келтіруді, экономиканың өсуін және өңір экономикасындағы ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістерді, өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын, жергілікті атқарушы органдар қызметінің негізгі бағыттарын) нақтылау жөнінде ұсыныстар береді. жергілікті атқарушы органдар қызметінің жоспарлары және басқа да құжаттар)

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЖББ,

КБ,

Аудан әкімдігі

қажет болған жағдайда

9.

Әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы стратегиялық жоспарлау құжаттарын ескере отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамының негізгі параметрлерін қарауға қатысу бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға, ЭБЖБ-ға ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар,

аудан әкімдігі

жыл сайын

10.

Егіндікөл ауданының әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға, ЭБЖБ-ға ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар,

аудан әкімдігі

жыл сайын

11.

Әкімдік күшімен мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қолдауын күшейту және олардың қоғамға кірігуі үшін жағдай жасау бойынша пәрменді шараларды іске асыруға жәрдемдесу бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар,

аудан әкімдігі ОКБ

Жартыжылда

 1 рет

«Өңірдегі еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту» бөлімі

Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдады:

12.

Сапалы жұмыс орындарына жағдай жасау және жұмыссыздар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті еңбек нарығын қалыптастыру бойынша.

Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары болған кезде ақпараттық деректер банкін құру үшін Мансап орталықтарына кадрларға қажеттілік туралы деректерді ұсынуға міндеттенеді

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЖББ,

Аудан әкімдігі

тұрақты

13.

Мамандықтар бөлінісінде өңір экономикасының кадрларға жыл сайынғы болжамды қажеттілігін айқындау бойынша; кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту; өндірісішілік оқытуды дамыту, тәлімгерлік институтын дамыту және танымал ету

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЖҚӘББ,

ЖББ,

КБ

жыл сайын

14.

Еңбек ұтқырлығы мен көші-қонын ынталандыру, еңбек қатынастарын ресімдеу және стандартты емес жұмыспен қамтудың барлық түрлерінде әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту; жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту жағдайларын болдырмау, еңбек жағдайларын сақтамау фактілеріне жол бермеу, бірдей біліктілік кезінде тең еңбек үшін еңбекақы төлеудегі диспропорциялар

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

Аудан әкімдігі,

ЖББ,

КБ

жартыжылда

1 рет

15.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық пиар-кампаниялар арқылы жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, оның ішінде «Еңбек Жолы» республикалық конкурсын өткізу

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЖББ,

Аудан әкімдігі,

ЕИБ

жыл сайын

16.

Еңбек шарттарын электрондық форматқа ауыстыруға жәрдемдесу бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЕИБ,

Аудан әкімдігі

Жартыжылда

 1 рет

17.

Қаржы-экономикалық және өзге де дағдарыстардың салдарымен байланысты төтенше жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді жаппай босатуға жол бермеу (қызметкерлердің жалпы санының 10% - дан астамы)

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЖББ,

Аудан әкімдігі

тұрақты

18.

Ауданның оқу орны (колледж) студенттердің өндірістік практикадан өтуі туралы шарттар жасасу ұсынымы туралы

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ББ

жыл сайын

19.

Ауданда жұмыспен қамтуды арттыру және жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі бағдарламаларды жыл сайынғы негізде әзірлеу бойынша

Енбекминіне ақпарат

ЖҚӘББ

жыл сайын

«Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік» бөлімі

Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдады:

20.

Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге жәрдемдесу, оның ішінде кәсіпорын басшыларын гендерлік саясат және кемсітушілікке қарсы шаралар мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою арқылы

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар,

Аудан әкімдігі,

ІСБ,

ЖББ,

ББ

Жартыжылда

1 рет

21.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметін жетілдіру бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

КБ,

ЕИБ

жартыжылда

1 рет

22.

Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар

жыл сайын

23.

Қауіпсіз еңбек мәселелері бойынша ақпараттық - түсіндіру және консультациялық жұмысты ұйымдастыру және өткізу бойынша (кеңестер, семинарлар, тренингтер, конференциялар және т. б.)

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

КБ,

ЕИБ,

Аудан әкімдігі

жартыжылда

 1 рет

24.

Бастапқы кезенде жалақысы бойынша берешекке жол бермеу, ал берешек болған кезде жұмыс берушілердің берешекті төлеу кестесін және заңнамада белгіленген тәртіпте бекітіліп, әзірленген іс-шаралары орындауы

облыс әкімдігіне ақпарат

ЖББ,

Аудан әкімдігі

тұрақты

25.

Жұмыскерлердің ақшалай табыстарын сатып алу қабілетін қолдау мақсатында жұмыс беруші жыл сайын бірінші тоқсаннан кешіктірмей кәсіпорынның (жұмыс берушілердің) қаржылық жай-күйі мен бюджетінің мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы өткен жылы айқындаған инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде жалақыны индекстеуді жүргізеді

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЖББ,

Аудан әкімдігі

жыл сайын

26.

Жұмыс берушілерге еңбекақы төлеу жүйесін белгілеу және ұжымдық шарттарда, келісімдерде, ұйымдардың жергілікті нормативтік актілерінде Еңбекті нормалау жүйесін айқындау кезінде қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескеру қажет

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЖББ,

КБ

тұрақты

27.

Келісімдер мен ұжымдық шарттарды қайта жасасу (жасасу), оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қызметкерлердің жалақысының деңгейі, әлеуметтік жеңілдіктері мен кепілдіктері келісімдер мен ұжымдық шарттарды қайта жасасу (жасасу), оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу сәтіндегі қолданыстағылармен салыстырғанда төмендетілмейді

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

КБ,

ЖББ,

Аудан әкімдігі

қажет болған жағдайда

28.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың функцияларын орындайтын қызметкерге ынталандыру және көтермелеу мақсатында ай сайын келісімде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде, бірақ қаржылық жай-күйінің мүмкіндіктері ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына жыл сайын бекітілетін ең төменгі айлық жалақыдан кем емес мөлшерде қосымша төлем жүргізсін. кәсіпорын бюджеті

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ОЖББ,

ОКБ

жыл сайын

29.

Нормативтік құқықтық актілердің белгіленген талаптарына, сондай-ақ салалық келісімдерге, ұжымдық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен қызметкерлер үшін құрылған еңбек жағдайларының жай-күйін, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті бақылаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп тексеруді жүзеге асыру

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЕИБ,

КБ,

ЖББ

жыл сайын

«Әлеуметтік-еңбек даулары, қақтығыстар және ереуілдер» бөлімі

Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдады:

30.

Еңбек даулары мен жанжалдарын шешуге жәрдемдесу, ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамыту және өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін қарау бойынша.

еңбек қатынастары саласындағы жағдайға талдау мен мониторинг жүргізуге бірлесіп қатысу, проблемалық мәселелерді шешуде келісілген ұстанымды әзірлеу, мемлекеттік органдардың қатысуымен өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында атқарылған жұмыстың нәтижелерін тұрақты қарау туралы.

Жанжал туындаған жағдайда Тараптар наразылық акциясы өтетін жерге дереу баруды ұйымдастырады, себептерін анықтайды, жанжалды реттеу жолдарын анықтайды, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

КБ,

ЖББ,

Аудан әкімдігі

қажет болған жағдайда

31.

Жұмыскерлер, жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында, қауіпсіз еңбек мәселелері бойынша, оның ішінде жанжал туғызу ықтималдығы жоғары кәсіпорындар ұжымдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

КБ,

ЖББ,

Аудан әкімдігі

жартыжылда

1 рет

32.

Жұмыс беруші ұйымның экономикалық дәрменсіздігі (банкроттығы) жағдайында қызметкерлердің материалдық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы консультациялар өткізу бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

КБ

қажет болған жағдайда

33.

Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі кеңесті (бұдан әрі - Кеңес) тепе-тең негізде қалыптастыру бойынша

Кеңес Құру

Аудан әкімдігі

2024-2025 жж.

34.

Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау мониторингі жүйесін дамыту бойынша, оның ішінде комиссия отырыстарында өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік сырқаттанушылықтың жай-күйі туралы ақпаратты қарау бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

ЖҚӘББ,

ЕИБ

қажет болған жағдайда

35.

Әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің жанжал жағдайының туындау ықтималдығы жоғары кәсіпорындар ұжымдарымен ай сайынғы жұмыс кездесулерін өткізу бойынша

ЖҚӘБҮБ-ға ақпарат

Аудан әкімдігі,

КБ,

ЖББ

қажет болған жағдайда

«Келісімнің орындалуын бақылау тәртібі» бөлімі

Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдады:

36.

Әлеуметтік әріптестікке байланысты барлық құжаттарды, оның ішінде өңірлік келісімді, оны іске асыру жөніндегі             іс-шаралар жоспарын, ол бойынша мерзімді есептілікті (жылына кемінде 2 рет) өзінің ресми сайтында «әлеуметтік әріптестік» бөлімінде орналастыру; Ереже, оның отырыстарының барлық хаттамалары

Сайттағы жарияланымдар

Аудан әкімдігі

қажет болған жағдайда

37.

1) Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу

Іс-шаралар жоспарының жобасы

Мүдделі мемлекеттік органдар,

КБ, ЖББ

2024 жыл ішінде

2) іс-шаралар жоспарының жобасын барлық тараптармен келісу

Хаттардың бағыты

ЖҚӘББ

2024 жыл ішінде

3) іс-шаралар жоспарын бекіту

Іс-шаралар жоспары

ЖҚӘББ

АҮК кезекті отырысы

38.

Өңірлік келісімді іске асыру, өңірлік үшжақты комиссияның қызметі, әлеуметтік әріптестікті және әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту мәселелеріне арналған материалдарды өзінің ресми интернет-ресурстарында тұрақты жариялау туралы

Сайттағы жарияланымдар

КБ,

ЖББ,

ЖҚӘБҮБ

қажет болған жағдайда

 

Аббревиатуралардың мағынасын ашу:

  1. ЖҚӘБҮБ – Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасы
  2. ЖҚӘӘБ – Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
  3. ЕИБ – Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасы
  4. ЭБЖБ – Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
  5. ББ – Ақмола облысының білім басқармасы
  6. ІСБ – Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
  7. КБ – кәсіподақтар бірлестігі
  8. ЖББ – жұмыс берушілер бірлестігі
«Егіндікөл ауданының әкімдігі, жұмыскерлер және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған аудандық КЕЛІСІМ аясында қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
29 июля 2024