«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.07-19.07.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.07-22.07.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 25.07-27.07.2024

Эссе: - 31.07.2024

Сұхбат: 06.08.2024

Анықтама телефоны: 87164221855

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок А, грейд 7

 

Лауазым атауы:

Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы

 

Функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру. Ішкі саясатта бірыңғай стратегия және келісілген өзара әрекетті қалыптастыру. Ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылық және ұлтаралық келісім мониторингі, қоғамдық процестер жағдайына талдау жасау, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасы заңдарының, Президет Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының орындалуын бақылау. Ауданда мәдениет, өнер ұйымдарының жүйесін сақтау және дамыту, тілдерді дамыту, аудан аумағында тұратын халықтардың мәдениетін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; демалысты өткізу саласын дамытуға көмек көрсету, кәсіптік, көркемөнерпаздар шығармашылығын, фольклорды дамыту, мемлекеттік тіл саясатын жүргізу жұмыстарын, тарихи-мәдени мұраны есепке алу және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру. Меншік түріне қарамай, ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарында тіл саясатын насихаттау жұмыстарын өткізуге қатысу. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

          Педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану немесе саясаттану) немесе қызметтер (мәдени-демалыс жұмысы) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

            Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-3, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3745032137

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
12 июля 2024