Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету

мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

 

 

            «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
97-бабының 5-тармағына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1.   Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. Егіндікөл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

 «Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы» Егіндікөл аудандық  мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 7С10-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25358 болып тіркелген);

    «Егіндікөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы
№ 7С10-4 «Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8С7-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8623-03 болып тіркелген).

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

Егіндікөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
12 июля 2024