«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05-07.12.07.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.07.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 17.07.2024
Эссе:
Сұхбат: 22.07.2024
Анықтама телефоны: 87164221855
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Блок А, грейд 4
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауданы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және
кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы
Функционалдық міндеттері:
Аудан жерлерінің балансын құрастыру. Жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушыларға есеп жүргізу. Жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша ұсыныстар мен шешімдердің жобаларын дайындау. Машина-тракторлық паркті техникалық пайдалану ережелері бойынша нормативтер мен стандарттарды сақтау. Машиналарды жыл сайынғы техникалық тексеруді ұйымдастыру және өткізілуін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы техникасын жүргізу құқығына емтихандар алып, оларға тиісті құжаттар беру жұмыстарын жүзеге асыру. Тиесілігіне қарамай, машиналарға есеп жүргізу және тіркеу, оларға тиісті құжаттар мен мемлекеттік нөмір белгілерін беру, сондай-ақ олардың кепілдіктерін тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе мелиорация, жерді қалпына келтіру және қорғау) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жерге орналастыру немесе кадастр немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалары бойынша)) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3690492686