2024 жылғы 16 маусымда Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің сайлау
қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 16 маусымда Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімнің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Егіндікөл сайлау округі
Егіндікөл ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2215 азамат енгізілді, олардың 609-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 51, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 69.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мұсабаева Ж.Т. – 183; Тапалов Д.Б. – 304.
1980 жылы туған, «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі»ММ басшысы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Егіндікөл ауылында тұратын Тапалов Дархан Берікұлы Егіндікөл ауылының әкімі болып сайланды.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы