Егіндікөл ауылы әкіміне
кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою
туралы хабарлама
Егіндікөл ауылының әкіміне кандидат Денисюк Светлана Александровнаның 2024 жылғы 11 маусымдағы өз кандидатурасын алып тастау туралы жазбаша өтінішін қарап, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабына сәйкес 2024 жылғы 12 маусымда Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 25 мамырдағы № 28 Егіндікөл ауылы әкіміне кандидат Денисюк Светлана Александровнаның тіркеу туралы шешімі жойылсын.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы