«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.04-03.05.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 08.05.2024
Эссе: -
Сұхбат: 14.05.2024
Анықтама телефоны: 87164221855
E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243 701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Блок В, грейд 4
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі бас инспектор
Функционалдық міндеттері:
Аудан әкіміне қол қоюға ұсынылатын әкімнің шешімдері, өкмідері, әкімдік қаулыларының және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру. Аудан әкімі және әкімдігімен қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу және әзірлеу, көрсетілген жобаларға виза қою, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу үшін әділет басқармасына жолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қолданыстағы Заңдарды насихаттау бойынша іс-шаралар әзірлеу, атқарушы орган мен ведомствоға қарасты ұйымдарда құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу журналын толтырып жүргізу. Құқықтық мәселелер бойынша қорытынды беру. Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Құқық қорғау және сот органдарымен өзара байланысты жүзеге асыру. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетті ктіркеуді жүргізу, әкім және әкімдіктің актілеріне заңды сараптама жасау (қол қою). Аудан әкімдігі мемлекеттік қызметшілері арасында құқықтық оқу жүргізуді ұйымдастыру. Наразылық – қуыным жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, барлық деңгейдегі соттарда әкімдік пен аудан әкімі аппаратының мүддесін білдіру. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу. Нормативтік құқықтық актілер бойынша, аудан прокурорының актілері, сот жұмысы бойынша, құқықтық жұмыс бойынша мониторинг жүргізу және есептерді белгіленген мерзімде жоғарғы органдарға жолдау. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3529385243