«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.04-03.05.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.05.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 08.05.2024
Эссе: -
Сұхбат: 14.05.2024
Анықтама телефоны: 87164221855
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Блок В, грейд 3
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауылы әкімі аппаратының негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне, негізгі қызметкердің көрсетілген уақыттан бұрын шығу құқығымен 2025 жылғы 3 желтоқсанға дейін бас маманы
Функционалдық міндеттері:
Ауыл әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу. Ауыл аумағындағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға, жұмыссыз азаматтарға есеп жүргізу. Жеке тұлғалардан мүлікке, көлік құралдарына және жерге салынатын салықтарды жинауды жүзеге асыру. Кірістің бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына дұрыс түсуін бақылау, қате аударылған сомаларды қайтару, кірістің түсіміне талдау жасау. Халықтың әлеуметтік картасына есеп және олар бойынша есептеулер жүргізу.АӘК және МБЖ үшін отбасыларды тексеру комиссиясының құрамында болу, көмекке мұқтаж адамдардың материалдық жағдайын комиссиялы түрде тексеру. Мүгедек балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға есеп жүргізу. Әлеуметтік желілердегі ауыл әкімі аппаратының парақшаларын тиісінше жүргізу. Нотариалдық әрекеттер жасау. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық–коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3529458178