«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.04-29.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 30.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 04.05.2024
Эссе: -
Сұхбат: 10.05.2024
Анықтама телефоны: 87164221855
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Блок А, грейд 4
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне, негізгі қызметкердің көрсетілген уақыттан бұрын шығу құқығымен 2026 жылғы 16 қарашада дейін бас маманы
Функционалдық міндеттері:
Бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламаларды) дайындау және бекіту (қайта бекіту). Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есеп құрастыру. Әлеуметтік жәрдемақылар және материалдық көмектің өзге де түрлерін есепке алу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктермен шарттар жасасу және орындау. Мемлекеттік сатып алу үдерісін ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу, жоспарланатын мемлекеттік сатып алу жоспарларының көлемін құрастыру және нақтылау, уәкілетті органға есептер тапсыру. Кадр жұмысы бойынша құжаттаманың толық және тиісінше жүргізілуін қамтамасыз ету. Санаторлық-шипажайлық емделу қызметін алуға құжаттар рәсімдеу. Жеке көмекші қызметін алуға құжаттар рәсімдеу. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Мәселелер сипатын және өтініштер бойынша қабылданған шешімдерді сапалы және нақты толтыру. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
Бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3522775690