Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосым
Егіндікөл ауданы жергілікті атқарушы органдарының
2023 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі жұмысы туралы есеп
1.Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Егіндікөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепте ауданның жергілікті атқарушы органдарының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлімдердің, мансап орталығының көрсетілген мемлекеттік қызметтері бойынша мәліметтер енгізілген.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2023 жылы Егіндікөл ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 64 түрін және 84 кіші түрін көрсетті.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтердің 7 түрі мен 23 кіші түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ға берілді.
|
№ |
Атауы |
|
Көрсетілген қызметтер |
|
1. |
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында |
|
842 |
|
2. |
Жер қатынастары саласында |
|
177 |
|
3. |
Ауыл шаруашылығы саласында |
|
244 |
|
4. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында |
|
5 |
|
5. |
Сәулет және қала құрылысы саласында |
|
3 |
|
6. |
Дене шынықтыру және спорт саласында |
|
7 |
|
7. |
Басқа мемлекеттік қызметтер |
|
28 |
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 2023 жылы бөлім 1306 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (Халыққа қызмет көрсету бөлімі) арқылы 283 (21,7%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы - 546283 (21,7%) мемлекеттік қызмет;
- тікелей мемлекеттік органдармен 477 (36,5%) қызмет көрсетілді, Дәлелді бас тарту саны - 48.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3) Жүргізілген талдау негізінде 2023 жылы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау және азаматтық хал актілері саласындағы көрсетілетін қызметтер неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.
1) Ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат жергілікті «Алтын астық» газетінде, Егіндікөл ауданының интернет–ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде жарияланады.
2) 2023 жылы аудан әкімдігінің сайтында мемлекеттік қызмет жобаларын жария талқылау барысында ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
3) Егіндікөл ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттандыру жоспары бойынша 2023 жылы 144 сөз сөйлеулер мен жарияланымдар болды: аудандық газеттерде – 66 мақала, 6 тікелей эфир және Instagram мен Facebook-те мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 72 инфографика орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін әрбір жергілікті атқарушы органда «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы келушілерге арналған ақпарат орналастырылған стенділер бар.
Мемлекеттік орган жұмысының ашықтығы мен айқындығын, көрсетілетін қызметті алушыларға қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін Ұзынкөл және Алакөл ауылдық округтерінде «Сервистік әкімдіктер» ашылды.
Сондай-ақ, ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарында, аудан мектептерінде, мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдерде халыққа электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридждермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) 2023 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілмеген.
2) 2023 жылы 5 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру –жоқ.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан жергілікті атқарушы органдарға шағымдар түскен жоқ. 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдаудың бас инспекторы он бақылау іс-шарасын өткізді. Ішкі бақылаумен тоғыз мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – ММ): «Егіндікөл ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Егіндікөл ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Егіндікөл ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Егіндікөл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, «Егіндікөл ауданы Бауман ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімінің аппараты» ММ және «Егіндікөл ауданының мансап орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің филиалы қамтылды.
Бақылау іс-шараларының нәтижесінде бұзушылық фактісі анықталды, соның нәтижесінде жол берілген бұзушылық үшін тәртіптік жазаға жауапты адамдарды тарту ұсынылды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылыққа жол берген маман тәртіптік жазаға тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды:
-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
-мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуға жол бермеу;
-мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
-Instagram және Facebook, стенділер, ресми интернет ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету;
-оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру;
-Instagram және Facebook, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды хабардар ету және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
-мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін уақытылы қабылдау;
-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар электрондық мекенжай бойынша қабылданады - egindykol_usl@aqmola.gov.kz
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді
талдау жөніндегі бас инспектордың м.а. С. Кантемиров
Егіндікөл ауданы бойынша
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |