«Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау Министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы

№ 193 бұйрығына

2-қосымша

 

«Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты» ММ

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

            «Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты» ММ, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 1-үй, тел: 8(716 42) 2-14-31.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

            Мемлекеттік қызметтер тізбесіне сәйкес «Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметің 5 түрін көрсееді. 2023 жылы 42 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

1) «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (бірінші, екінші кезеңдер) - 37 мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға, 2 мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға

            2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 3 мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға.

Барлық қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілген, тегін негізде, ақылы қызметтер жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы:

«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы:

- 4-қосымша «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,

- 9-қосымша «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 1, 2 кезең,

- 10-қосымша «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 1, 2 кезең,

- 14-қосымша «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»

- 15-қосымша «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

            1) Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

        - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 1, 2 кезең – 39 мемлекеттік қызмет немесе 92,9 %;

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) «Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты» ММ-дегі ақпараттық стендтер, сондай-ақ әкім аппаратының әлеуметтік желі парақшалардағы  ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау жүргізілген жоқ.

3) Аудандық «Алтын астық» мемлекеттік және орыс тілдерінде газетінде 5 мақала, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде 5 мақала жарияланды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) 2023 жылы бекітілген тұлғалар мемлекеттік қызметтер көрсету және сапасын арттыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру – жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілген жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінен негізсіз бас тартулар мен бұзушылықтар жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексерулер жүргізген жоқ.

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыр.

            Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында Егіндікөл ауылы әкімінің аппаратында мақсатты жұмыс жүргізілуде:

            - мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

            - халықты стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету;

            - көрсетілетін қызметті алушыларды «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

            - мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

Егіндікөл ауылының әкімі                                                                                          

А. Башенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
Дата публикации
28 февраля 2024