Қосымша 2
экономика министрінің бұйрығына
бюджеттік жоспарлау
Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 25 маусымдағы №193
«Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп
1.Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
"Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылы, Ленина көшесі 11 үй тел: 8 (716 42) 2-15-60
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес 2023 жылы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты 5 қызмет түрі бойынша 13 қызмет көрсетті, оның ішінде:
-жер қатынастары саласында мемлекеттік - 5 қызмет. 2023 жылы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
1)"Сауда - саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарын алу" (бірінші, екінші кезеңдер) - жеке тұлғалардан 10 мемлекеттік қызмет.
2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - заңды тұлғалардан 3 мемлекеттік қызмет.
Барлық қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілген, тегін негізде, ақылы қызметтер жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы:
"Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы:
- "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"4-қосымша,
- "кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" 9-қосымша-1, 2 кезең,
- "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" 10-қосымша-1, 2 кезең,
- "жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату"14-қосымша
- "жер учаскесін алуға кезекке қою"15-қосымша.
1)Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан неғұрлым талап етілген мемлекеттік қызметтер:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 3 қызмет немесе 23,1 %
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 1,2 кезең – 10 қызмет немесе 76,9 %;
1)"Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-дегі ақпараттық стендтер, сондай-ақ әкім аппаратының әлеуметтік желілеріндегі парақшалардағы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.
2)мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар жүргізілген жоқ.
3)Facebook, Instagram әлеуметтік желісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 10 мақала жарияланды.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) 2023 жылы Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру жүргізілмеген.
2) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету және сапасын арттыру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстары қарастырылған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру –жоқ.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау 2023 жылғы тамыз айында жүргізілді. .Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартулар мен мерзімдерді бұзу жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру жүргізілуде.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексерулер жүргізген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілмеген.
5.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділігінің перспективалары.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауыл әкімі аппаратымен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының барлық параметрлерін жақсарту бойынша аппараттық кеңес өткізілді:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- стендтер, БАҚ және ресми Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету.
- көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Жалманқұлақ ауылдық
округінің әкімі
Ж. Ахметов