«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.02-27.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 28.02-01.03.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 06.03-08.03.2024

Эссе: - 13.03.2024

Сұхбат: 19.03.2024

Анықтама телефоны: 87164221855

E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380392

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Егіндікөл ауданы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

 

Функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру. Ауданда ауыл шаруашылығының аймақтық бағдарламалары мен мониторингінің орындалуына бақылау жасау. Ауданның аграрлық секторында әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді іске асыру жұмыстарын бақылау. Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын дайындауға қатысу және олардың ауман аумағында іске асырылуын қамтамасыз ету. Ауданның жерге орналастыру қызметін үйлестіру және басшылық жасау, жер қатынастарын реттеу. Жер саудасын жүргізуді ұйымдастыру, жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту. Ауданның ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінен өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша субсидия алу үшін құжаттар жинау жұмысын ұйымдастыру. Бөлімнің бюджеттік бағдарлама паспорттарының жобаларын әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау. Машина-тракторлық паркті техникалық пайдалану ережелері бойынша нормативтер мен стандарттарды сақтау. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге ұзақ мерзімді және индикативті жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеу кезінде әдістемелік басшылықты ұйымдастыру. Кәсіпорынды реформалауға тәжірибелік көмек көрсету. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге бизнес-жоспар құрастыруға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе тжәне агрохимия немесе мелиорация, жерді қалпына келтіру және қорғау немесе бау-бақша өсіру немесе өсімдіктерді қорғау және карантин немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе маркетинг) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жерге орналастыру немесе кадастр) немесе ветеринария саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-3, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3430158307

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
20 февраля 2024