«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.02.2024 – 16.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.02.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 22.02.2024

Эссе: -

Сұхбат: 27.02.2024

Анықтама телефоны: 87164221855

E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының меңгерушісі инспектор

 

Функционалдық міндеттері:

Сектор қызметіне басшылықты жүзеге асыру. Сектор мамандарының лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау. Аудан аумағында объектілерді салу бойынша жұмыстардың уақтылы және сапалы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру. Кондоминимум объектісінде және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде және оларға іргелес аумақтарда үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау. Тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуын бақылау. Кондоминимумның ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін бақылау. Кондоминиумды күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақтылы орындалуын бақылау. Кондоминиум және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне тұрақты техникалық тексеру жүргізу. Тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау. Тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ объектілерді белгіленген мерзімде пайдалануға беруді бақылау. Жоспар бойынша бөлінген қаражатты толық игеру бойынша жұмыстардың орындалуын, құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламалар беруді бақылау. Мемлекеттік сатып алудың өткізілуіне, қаржыландыру жоспарының орындалуына, аудан аумағында құрылысқа бөлінген жерлерді пайдалануға, ескерткіштерді күзетуге және қалпына келтіруге бақылауды жүзеге асыру. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

инженерлік, өңдеу және құрылыс (сәулет және құрылыс) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3420798249

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
09 февраля 2024